Хоккей

Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде екі сатыға төмендеді

Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде екі сатыға төмендеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық хоккей федерациясының жаңартылған рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі kazakhstanhockey парақшасына сілтеме жасап.

- Соңғы төрт жылдағы командалардың ойынына негізделген рейтингтің жаңа нұсқасында 2018 жылғы Олимпиада ойындарында алған ұпайлар Пекиндегі 2022 жылғы Олимпиада, сондай-ақ олимпиадалық біліктілік турнирлері нәтижелерімен алмастырылды, - делінген ИИХФ сайтында.

Осылайша, ерлер рейтингісінде олимпиада чемпионы атанған Финляндия құрамасы бірінші орынға көтерілді. Канада командасы екінші және Ресей командасы үшінші орын алды.

Қазақстан құрамасы 13-ші қатардан 15-ке түсті.

Әйелдер рейтингісінде бірінші орында Канада құрамасы, екінші орында АҚШ тұр. Финляндия үшінші орнын сақтап қалды.

Қазақстан қыздар құрамасы 21-ші орнында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер