Қысқы

Қажығали: Қысқа қашықтықта жүлдеге алғаныма қуандым

Қажығали: Қысқа қашықтықта жүлдеге алғаныма қуандым
news-banner7
mobile-news-top

Нұр-Сұлтандағы "Алау" мұз айдынында шорт-тректен Қазақстан біріншілігі өтіп жатыр.

500 метрге жарысудан ерлер арасындағы сында күміс жүлдегер атанған Нұртілек Қажығали кезекті жарыс күнін қорытындылады.

- Бүгін 500 метрге жүгіруден екінші орын алдым. Бұл жетістік мен үшін қымбат. Өйткені, мен ұзақ қашықтықта жарысатын спортшымын. Сондықтан, қысқа қашықтықта жүлдеге ілігу мен үшін мәртебе.

Кешегі жарыс күнінде 1500 метрге жүгіруден чемпион атанғаным да қуантады. Енді ертеңгі бәсекелерге өзімді дайындаймын. Бапкерлер сенімін ақтауға тырысамын. Алдағы маусымда бар қабілетімді көрсеткім келеді. Олимпиадаға дейін төрт жыл бар, жаттығуды қазірден бастау керек.

Маған әлі техникалық, тактикалық тұрғыдан өсу қажет, жетілу қажет. Өйткені, әр спортшы Олимпиаданы армандайды, олардың қатарында мен де бармын, - деді Нұртілек.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер