Қысқы

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады

Шорт-тректен Қазақстан чемпионаты: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордада шорт-тректен Қазақстан чемпионатының екінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың екінші күнінде ерлер мен әйелдер арасында 500 м қашықтық бойынша үздіктер анықталады. Сонымен қатар, 3000, 500 м қашықтық бойынша ерлер мен әйелдерарасында эстафета жарыстары өтеді. Шорт-трекшілер эстафета микс санаты бойынша 2000 м қашықтықта бәсекемен күнді қорытындылайды.

Айта кетерлігі, шорт-тректен Қазақстан чемпионаты елордада "Алау" мұз сарайында өтіп жатыр. Республикалық біріншілік 31 наурызға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер