русский язык
ММА

Шавкат Рахмонов «Гаити сенсациясын» жекпе-жекке шақырды

Шавкат Рахмонов «Гаити сенсациясын» жекпе-жекке шақырды
news-banner7
mobile-news-top

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) АҚШ өкілі, «Гаити сенсациясы» лақап атымен танылған Нил Магниді (26-8) жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шавкат Твиттерде Магнидің баспасөз мәслихатында кез келген қарсыласпен, соның ішінде Фрэнсис Нганну мен Хамзат Чимаевпен төбелесуге дайын екенін айтты.

«Менімен шық, Нил. Менімен ешкім төбелескісі келмейді», – деп жазды Рахмонов.

Айта кетейік, Нил Магни қазір UFC жартылай орта салмақ рейтингінде тоғызыншы, ал Шавкат Рахмонов 15-ші орында тұр. Екі спортшы да соңғы жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;