Хоккей

«Барыс» командасында хоккейшілердің жалақысы бойынша қарыздар бар

«Барыс» командасында хоккейшілердің жалақысы бойынша қарыздар бар
news-banner7
mobile-news-top

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Мәскеудің «Динамосы» мен Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубтары ойыншыларының жалақысы бойынша берешегі бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

«2022 жылдың 28 наурызындағы жағдай бойынша екі клубтың хоккейшілерге жалақы бойынша берешегі бар - «Динамо» (Мәскеу) және «Барыс»», - деп хабарлады ҚХЛ баспасөз қызметі.

Тұрақты маусымның нәтижесінде «Барыс» Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде сегізінші орын алды. Плей-офф кезеңінің бірінші кезеңінде қазақстандық клуб Магнитогорскінің «Металлургінен» 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер