«Қайсар» сапына ЦСКА-да ойнаған футболшы ауысты

«Қайсар» сапына ЦСКА-да ойнаған футболшы ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қызылордалық «Қайсар» 21 жастағы жартылай қорғаушы Амаль Сейітовпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Амаль Сейітов - алматылық футболдың түлегі. Карьерасын жергілікті ЦСКА-да бастаған, кейін «Жетісудың» жастар командасында доп тепкен.

Сейітов өткен маусымда «Қыран» сапында ойнап, былтыр 19 матчта сегіз гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанған.

Маусымаралық үзілісте Сейітов «Қайсар» сапында оқу-жаттығу жиынына қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер