«Ол үлкен сынаққа түседі». MTK Global промоутері Сұлтан Зәуірбектің Лондондағы жекпе-жегі туралы пікір білдірді
![«Ол үлкен сынаққа түседі». MTK Global промоутері Сұлтан Зәуірбектің Лондондағы жекпе-жегі туралы пікір білдірді](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/472_c18eff048773a31cc6143d93815811b7.jpg?v=28662355)
MTK Global промоутері Ли Итон 15 сәуірде Лондонда өтетін қазақстандық Сұлтан Зәуірбек (12-0, 5 КО) пен мальталық Хайтем Лаамуз (17-1, 7 КО) арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз Сұлтанға үлкен сынақ жасағымыз келеді және ол Хайтем Лаамузбен рингке шығуға арқылы сынаққа түседі. Бұл келесі айдағы бокс кешінің керемет жекпе-жектерінің бірі.
Сұлтан өзінің кейінгі жекпе-жектерінде өте әсерлі көрінді, бірақ Хайтем рингке жеңіске жету үшін шығып, оған қиындық туғызады, сондықтан біз оқиға қалай дамитынын көруге асығамыз», - деп келтіреді функционердің сөзін Boxingscene.com.
Сұлтан Зәуірбек WBO тұжырымы бойынша супер жеңіл салмақтағы Еуропа чемпионы атағын қорғайды.
Фото instagram.com/sultanzaurbek