Қысқы

Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды

Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Италияда фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының соңғы күнінде паралельді могулдан жекелей сындағы жарыстар өтті.

Бұл сында ел намысын қорғаған 16 жастағы спортшымыз Анастасия Городко қарсыластарынан басым түсіп, жарыстың алтын жүлдесін жеңіп алды. Екінші орынды АҚШ өкілі Елизабет Лемели иеленсе, қола жүлде де америкалық Алли Макугаға бұйырды.

Бейжің Олимпиадасына қатысушысы Анастасия Городко аталмыш чемпионатта бұған дейін қос күміс жүлдені иеленген болатын. Алғашында жекелей сында спортшымыз бір күміс жүлдені қанжығасына байласа, ал аралас командалар арасында паралельді могулде отандасымыз Федор Бугаковпен бірге екінші орынға табан тіріп, тағы бір күміс жүлдеге қол жеткізді.

Түпнұсқасы: gov.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер