Винченцо Нибали «Халықаралық Коппи және Бартоли апталығында» 11-орын алды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңыз«Астананың» эквадорлық велошабандоз Гарольд Мартин Лопес «Коппи мен Бартоли халықаралық апталығының» соңғы бесінші кезеңінде мәреге 23-орында жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чехиялық велошабандоз Йозеф Черни (Quick-Step Alpha Vinyl Team) бірінші, Quick-Step Alpha Vinyl командасынан француз Реми Кавагна екінші, израильдік велошабандоз Омер Голдштейн (Израиль - Premier Tech) үздік үштікті түйіндеді.
Веложарыстың қорытындысы бойынша «Астанада» Винченцо Нибали үздік нәтиже көрсетті. Ол 11-орынға табан тіреді.