русский язык
Бокс

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады

Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бұл туралы твиттерде Дигнумның промоутері Ли Итон (MTK Global) мәлім етті.

«Дэнни Дигнум мен Жәнібек Әлімханұлы Америкада WBO тұжырымы бойынша «уақытша» әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасуға келіскеніне қуаныштымыз», — деп жазды Итон.

Кейін промоутер жекпе-жек мамырдың аяғында өтетінін жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;