Командалық

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыз құрамасы 2-орын алды

Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан қыз құрамасы 2-орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласында 18 жасқа дейінгі жасөспірім қыздар арасында гандболдан Азия чемпионатында қазақстандықтар екінші орын алды.

Құрлықтық додада барлығы бес құрама сынға түсті. Олардың қатарында Иран, Өзбекстан, Қазақстан, Үндістан және Сирия құрамалары бар. Қазақстандық гандболшылар төртінші кездесуде Өзбекстанды 31:29 есебімен тізе бүктірді.

Одан бұрын Сириядан 32:14, Үндістаннан 28:21 есебімен басым түскен еді. Ал алғашқы кездесуде Иранға 19:20 есебімен жол беріп қойды.

Нәтижесінде бірінші орын сегіз ұпаймен ирандық қыздарға бұйырса, алты ұпаймен қазақстандық гандболшылар екінші орынға табан тіреді. Одан кейінгі орындарға Өзбекстан, Үндістан және Сирия қыздары ілікті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер