Жапондық Сакамото мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЖапондық мәнерлеп сырғанаушы Каори Сакамото әйелдер арасындағы әлем чемпионатында бірінші орынды жеңіп алды.
Турнир Францияның Монпелье қаласында өтуде. Жеңімпаз қысқа және еркін бағдарламалар қосындысы бойынша 236,09 ұпай (80,32 + 155,77) жинады.
Екінші орынды Бельгия спортшысы Луна Хендрикс (217,70; 75,00 + 142,70) иеленген. Үздік үштікке американдық Алиса Лю (211,19; 71,91 + 139,28) да кірді.
Сакамото 21 жаста, ол Бейжің Олимпиадасында жекелей және командалық турнирде қола жүлдегер атанған. Әлем чемпионаты 27 наурыз күні аяқталады.