Харольд Мартин Лопес «Халықаралық Коппи және Бартали апталығының» 4-кезеңінде 20-орын алды
![Харольд Мартин Лопес «Халықаралық Коппи және Бартали апталығының» 4-кезеңінде 20-орын алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/203991_5aeb307fe0d9226ac1ab13ba891ac422.jpg?v=28663745)
Бүгін Италия «Халықаралық Коппи және Бартали апталығы» көпкүндік веложарысының 4-кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кезеңде голландиялық шабандоз Матье ван дер Пул (Alpecin-Fenix) жеңімпаз атанды.
«Астана» сапынан үздік нәтижені Харольд Мартин Лопес көрсетті, ол мәреге 20-болып келді.
«Халықаралық Коппи және Бартали апталығы». 4-кезең.
1. Матье ван дер Пул (Alpecin-Fenix) - 3:59:49
2. Итан Хейтер (INEOS Grenadiers)
3. Реми Мертц (Bingoal Pauwels Sauces WB)
...20. Харольд Мартин Лопес («Астана»)
Жалпы есеп:
1. Эдвард Данбар (INEOS Grenadiers) - 16:37:00
2. Итан Хейтер (INEOS Grenadiers)
3. Марк Хирши (UAE Team Emirates)
...12. Винченцо Нибали («Астана»)