Сейітжанов Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті
![Сейітжанов Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/203991_7b89b37ec92d0b078e4398dc1e732427.jpg?v=28667941)
Алматы қаласында MTK Kazakhstan ұйымдастырған бокс кеші өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (9-0-0, 6 КО) пен бұған дейін жеңіліп көрмеген мексикалық Хосе Масиас Энрикес (15-0-2, 7 КО) кездесті.
Бұл кездесуде бірінші жартылай орта салмақтағы WBO Youth World титулы сарапқа салынды.
Он раундқа есептелген жекпе-жек соңына дейін жалғасып, Сейітжанов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Рай мансабындағы оныншы жеңісіне қол жетізіп, WBO Youth World белбеуіне ие болды.