русский язык
Велоспорт

Велоспорттан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында «күміс» медаль иеленді

Велоспорттан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында «күміс» медаль иеленді
news-banner7
mobile-news-top

Тәжікстан астанасы Душанбеде өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы командалық жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Құрамында Рината Сұлтанова, Фаина Потапова, Махаббат Үмітжанова және Анжела Соловьева бар Қазақстан құрамасы 24 шақырым қашықтықты 32 минут 24 секундта бағындырып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Бірінші орынды Өзбекстан құрамасы, үшінші орынды Иран құрамасы иеленді.

Велоспорттан Азия чемпионаты. Душанбе (Тәжікстан)
Командалық жарыс. 24 шақырым. Әйелдер.

1. Өзбекстан – 32:15
2. Қазақстан +0:09
3. Иран +2:02
4. Вьетнам +3:05

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;