русский язык
Велоспорт

Велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды

Велоспорттан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Шосседегі велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Тәжікстан астанасы Душанбеде шосседегі велоспорт бойынша Азия чемпионаты басталды. Қазақстан құрама командасы командалық жарыс бойынша топ жарып, құрлықтық біріншіліктің алтынына ие болды.

Командалық жарысқа ел құрама сапында Евгений Федоров, Игорь Чжан, Юрий Натаров және Евгений Гидич сынға түсті. Велошабандоздар 24 км қашықтықты 26 минут 48.933 секундта бағындырды.

Жарыс қорытындысы бойынша Моңғолия құрамасы екінші болса, Иран құрамасы үздік үштікті қорытындылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;