Гвинеялық шабуылшы «Қайсар» сапына қосылды

Гвинеялық шабуылшы «Қайсар» сапына қосылды
news-banner7
mobile-news-top

«Энергетик-БСУ» командасының гвинеялық шабуылшысы Мамаду Диалло биылғы маусымда Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол былтыр премьер-лигадан ұшып кеткен «Қайсарда» жалда ойнайды. Айта кетерлігі, биылғы маусымаралық кезеңде қызылордалық команда сапына екі белорус ойыншысы Артем Дылевский мен Сергей Бондаренко қосылды. Еске сала кетейік, Мамаду Диалло «Энергетик-БГУ» сапына өткен маусымның ортасында келген болатын. Оның соққан дубльдері командаға маусым айында «Славияны» (3:2) және қарашада «Ислочьті» (4:0) жеңуге көмектесті. Африкалық футболшы 4 голмен чемпионаттың екінші бөлігінде біздің команданың үздік бомбардирі атанды», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер