«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Мәскеуде жерленді
![«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Мәскеуде жерленді](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/201736_de703ff64ed7d6ae5c215f84d8844741.jpg?v=28656362)
«Спартак» сапында КСРО чемпионы атанған Николай Осьянин Мәскеудегі Даниловский зиратына жерленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ТАСС «Спартак» баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәлім болғандай, қоштасу рәсіміне «Спартак» ардагерлері - Никита Симонян, Николай Киселев, Виктор Папаев, Сергей Рожков, Владимир Петров, Владимир Янкин, Евгений Ловчев, Александр Пискарев, Сергей Шавло, сондай-ақ, Юрий Гаврилов, Александр Мирзоян, Владимир Букиевский, Валерий Гладилин және Сергей Новиков қатысты.
Осянин дүйсенбі күні 80 жасында қайтыс болды, 1966-1971, 1974-1976 жылдары «Спартак» сапында ойнады, сонымен қатар «Искра», «Крылья Советов» және алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсетті.