Жапондық Риота Мурата Головкинмен жекпе-жекке дайындық барысымен бөлісті
![Жапондық Риота Мурата Головкинмен жекпе-жекке дайындық барысымен бөлісті](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/201736_40f91fe3f44e09e1c5fde94b1e55434a.jpg?v=28707748)
Жапон боксшысы Риота Мурата (16-2, 13 КО) Instagram желісінде орта салмақтағы қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек алдындағы жаттығудан түскен суретімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз өзімізді жекпе-жекке арнаймыз», - деп жазды WBA Super чемпионы.
Головкин мен Мұратаның жекпе-жегі 9 сәуірде өтеді. Головкинге тиесілі орта салмақтағы IBF және IBO чемпиондық белбеулері бәске тігіледі.