Екі жылдан бері шаршы алаңға шықпаған қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізеді
![Екі жылдан бері шаршы алаңға шықпаған қазақстандық боксшы жекпе-жек өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/203991_0e0c3034c6b971dd57d408f60edba61e.jpg?v=28707973)
Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов (14-2-1, 12 КО) шаршы алаңға оралу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz .
Эюбов кейінгі жекпе-жегін екі жыл бұрын өткізген. Ол кезде АҚШ боксшысы Джарон Эннистен (28-0, 26 КО) техникалық нокаутпен жеңілді.
Эюбов Instagram желісіндегі жеке парақшасында салмақ өлшеу рәсімінен алынған суретті жариялап, «Мен ораламын», деп жазды.