Хоккей

Аңсар Шайхмедденов пен Джелал-ад-Дин Амирбеков Әлем чемпионатын қорытындылады

news-banner7
mobile-news-top

Данияда бірінші дивизионның А тобында жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы турнирдің соңғы матчында Латвиядан жеңілді.

Командамыздың капитаны Аңсар Шайхмедденов ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында біріншілікті қорытындылады.

- Командамыз жас болды, меніңше, бұдан да жақсырақ ойнауға болар еді, әрі қарай ізденеміз. Жігіттерді алда басқа әлем чемпионаттары күтіп тұр. Олар осы турнирдің өзінен жеңімпаз болып шықты, 2003-2004 жылғы жігіттер өздерін жақсы көрсетті, жеңістері алда. Табыс, сәттілік тілеймін! Барлығы тамаша жігіттер. Осы әлем чемпионатында мен, менің 2002 жылғы құрдастарым ең жақсы ойынымызды көрсете алмадық. Осы үшін, өзім үшін команда алдында, бапкерлер штабы мен жанкүйерлер алдында кешірім сұрағым келеді. Костя Морожников – Даниил Цыбин – Коля Шульгадан жақсы үштік шықты. Келесі турнирде бұдан да көбірек ұпай жинауға мүмкіндіктері бар.

Сондай-ақ баспасөз қызметінің сұрақтарына қақпашы Джелал-ад-Дин Амирбеков жауап берді:

- Латвиямен ойынның аса үлкен маңызы болған жоқ, себебі біз оған дейін міндетімізді орындай алмадық, жоғары дивизионға өтпедік. Соңғы ойынды ойнауға мүмкіндік берген бапкерлер штабына рақмет. Біз әрбір матчта барымызды салдық, оны жанкүйерлер де көрді. Ештеңе етпейді, жігіттер әлі тәжірибе жинап, келесі жылы элитаға шығады. Қажетсіз аластатулар көп болды, біз командаластар бір-бірімізге қолғабыс етуіміз керек еді, алайда аластатуларға кейде төтеп бере алмадық. Меніңше осы сәт бәрін өзгертті. Аз құраммен көп күш жұмсалады, шағын жарақаттар аласың, біреу ұшып кетеді, оның орнына біреу дайын болмай шығады. Жігіттер жарады, бізде 2003 жылғы үштік болды, олар алдыңғы шепке шығып, керек голдарды салды. Олар келесі чемпионатта көш бастайтындарына сенімдімін. Ал 2004 жылғылар өз жасына сай көшбасшы болады. Оларда бәрі жақсы болатынына сенімім мол.

Түпнұсқасы: icehockey.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер