русский язык

Ян Вороговский ойнайтын бельгиялық клуб ірі есеппен жеңіске жетті

Ян Вороговский ойнайтын бельгиялық клуб ірі есеппен жеңіске жетті

Қазақстандық Ян Вороговский өнер көрсететін «Моленбек» Бельгия Екінші лигасының 25-турында «Виртонды» 3:0 есебімен сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алаң иелері сапында Игор Де Камарго (16-минут), Ленни Нанжис (61) және Уильям Тоги (79) гол соқты.

Қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский матчқа қатысқан жоқ. «Моленбек» қатарынан төрт матч бойы жеңілмей келеді.

25 турдан кейін «Моленбек» 45 ұпаймен екінші орында келеді. Команда көш басындағы «Вестерлодан» төрт ұпайға қалып тұр.

«Моленбек» келесі матчын 3 сәуірде «Дейнзеге» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;