русский язык

Қазақстандық бапкердің командасы Литва чемпионатының матчында жеңіске жетті

Қазақстандық бапкердің командасы Литва чемпионатының матчында жеңіске жетті

Вильнюстік «Жальгирис» Литва чемпионатының 4-турында өз алаңында «Ритеряй» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын «Жальгиристің» пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Голдарды Марко Миличкович (45+1) пен Франсис Кьереме (87) соқты.

«Жальгирис» он ұпай еншілеп, турнир кестесінде көш бастап тұр. «Ритеряй» жеті ұпаймен төртінші орында келеді.

Айта кетейік, «Жальгиристі» қазақстандық маман Владимир Чебурин жаттықтырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;