Қысқы

Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді

Павел Колмаков фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінде үздік ондыққа енді
news-banner7
mobile-news-top

Францияда фристайл-могулдан әлем кубогінің кезекті кезеңі өтті. Аталған жарысқа Қазақстан сапынан екі спортшы үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында параллель могул бойынша Павел Колмаков жетінші орынға тұрақтады. Аталған санат бойынша канадалық Микаэль Кингсбери топ жарды.

Ал әйелдер арасында Анастасия Городко оныншы, ал Аяулым Әмренова 20-шы орынға жайғасты. Әйелдер арасында франциялық Перрин Лаффон үздік атанды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер