Командалық

«Астана» - «Автодор» кездесуі 20 наурыз күні кешке өтеді

«Астана» - «Автодор» кездесуі 20 наурыз күні кешке өтеді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы «Автодорға» қарсы ойын басталатын жаңа уақытты жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жаңартылған ақпаратқа сәйкес, кездесу бұрынғыдай 20 наурызда өтеді, бірақ бұрын жоспарланғандай 15:00-де емес, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де басталады. Ойынның кеш басталуына қонақ команданың жолда кешігуі себеп болды.

«Автодор» «Астанамен» матчқа жоспар бойынша 18 наурыз күні кешке Саратовтан Мәскеуге ұшатын болды. Бірақ келесі күні таңертең Мәскеу - Нұр-Сұлтан тікелей рейсі кейінге шегеріліп сапар 16 сағатқа кешікті. Нәтижесінде рейс бүгін, 20 наурызда Мәскеу – Омбы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жөнелтілді. Қазір біздің команда 19 сағаттан астам кешігумен Нұр-Сұлтанға бет алды », - деп хабарлайды ресейлік клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер