Қазақстандық футболшы «Қайсармен» келісімшартты ұзартты
![Қазақстандық футболшы «Қайсармен» келісімшартты ұзартты](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/472_417bf3715bea93689771887d31c78db2.jpg?v=28704136)
21 жастағы қазақстандық футболшы Бекзат Құрманбекұлы «Қайсар» футбол клубымен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Бекзат «қасқырлар» сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетеді. Сондай-ақ, футболшы Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған.