Командалық

«Астана» баскетбол клубы бас жаттықтырушымен келісімшартты тоқтатты

«Астана» баскетбол клубы бас жаттықтырушымен келісімшартты тоқтатты
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» баскетбол клубы бас жаттықтырушы Дарко Руссомен келісімшарт тоқтатылғаны туралы жариялады.

«Келісімшарт өзара шешім бойынша тоқтатылды. Клуб Дарко Руссоға атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында сәттілік тілейді», - делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, елордалық клуб сербиялық маман Дарко Руссомен келісімшартқа 2021/2020 маусымда отырды.

«Астана» баскетбол клубы 2011 жылдың наурыз айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен құрылған.

ҚР Ұлттық лигасының 9 дүркін чемпионы, FIBA Азия чемпиондары кубогының қола жүлдегері, Қазақстан кубогының 9 дүркін иегері, 2022 жылы Қазақстан кубогының күміс жүлдегері болды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер