Тимофей Скатов Италиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияда өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық екінші айналымда португалиялық Гаштан Элиашты 6:2, 0:6, 7:5 есебімен ұтты.
Ойын 2 сағат 29 минутқа созылды.
Еске салайық, қазақстандық бірінші айналымда тағы бір Италия өкілі Андреа дель Фредериконы екі сетте 6:3, 6:1 есебімен ұтқан болатын.