Жеңіл атлетика

Даниал Ахметов Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті болып қайта сайланды

Даниал Ахметов Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті болып қайта сайланды
news-banner7
mobile-news-top

16 наурызда Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасы Жеңіл атлетика федерациясының сайлау конференциясының отырысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын аясында Даниал Ахметов президенттікке екінші мерзімге қайта сайланды.

Бірінші президенттік кезеңде оның қатысуымен «Altai Athletics» кәсіпқой жеңіл атлетика клубы құрылды, Нұр-Сұлтанда әлемдік деңгейдегі жеңіл атлетика кешені салынды, Өскемендегі жеңіл атлетика кешені қайта жабдықталды, шәкіртақылар берілді. Осы жылдар ішінде тағы бес жеңіл атлетика нысанының құрылысы қолға алынды.

Кезекті конференцияның отырысына Азия жеңіл атлетика қауымдастығының Бас хатшысы Шуггу Марран, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдері қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша федерация президенті Даниал Ахметов конференция мүшелеріне сенім білдіргені үшін алғысын білдіріп, федерация қызметінің негізгі бағыттарын жариялап, Федерация жұмысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер