Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізеді
![Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізеді](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/201736_3c8973d45f1054f258a1aa172a09347c.jpg?v=28704383)
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Шотландиямен болатын ойынға дайындықты 18 наурыз күні бастайды.
Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында Қайрат Нұрдәулетов командасы Қырғызстанның олимпиадалық құрамасымен U-23 жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Кездесудің басталу уақыты – 17:00. Екі жақтың келісімі бойынша ойын жабық күйде өтетіндіктен трансляция болмайды.
Айта кетейік, Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасындағы ресми ойын 29 наурыз күні Алматы қаласының «Орталық» стадионында өтеді.