русский язык

«Қайрат» камерундық жас қорғаушымен келісімшартқа отырды

«Қайрат» камерундық жас қорғаушымен келісімшартқа отырды

«Қайрат» футбол клубы камерундық қорғаушы Давид Эквемен келісім-шартқа отырды, деп жазады Prosports.kz алматылық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

19-жасар қорғаушы алматылық ұжымға дейін, өз елінде Криби қаласының «Офта» футбол клубында өнер көрсеткен.

Давид Түркиядағы қысқы ОЖЖ-да «Қайрат» сапында болды және бапкерлік құрамға өзін жақсы қырынан көрсете білді.

Келісім-шарт 2022 жылдың соңына дейін жасалды.

Туған күні: 23 қазан 2002 ж.

Бойы: 177 см.

Салмағы: 70 кг.

Позициясы: Қорғаушы

Азаматтығы: Камерун

«Қайрат» сапына қош келдің, Давид!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;