русский язык
Бокс

Азия чемпионаты: ең көп медальді Қазақстан құрамасы алды

Азия чемпионаты: ең көп медальді Қазақстан құрамасы алды

Бокстан Амманда (Иордания) өткен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы ең көп медаль алды – 44 (13 алтын, 14 күміс және 17 қола), деп хабарлайды Prosports.kz ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан мен Үндістан боксшылары 43 медальдан жеңіп алды, дегенмен жалпы медальдық есепте бұл командалар Қазақстаннан алда тұр. Бірінші орынды Өзбекстан иеленді – 20 алтын, 16 күміс және 7 қола жүлде. Екінші орында Үндістан - 15 алтын, 10 күміс және 18 қола медаль.

Құрлық біріншілігіндегі жарыстың соңғы күні жастар арасында финал өтті. Құрлық чемпиондары Томирис Мырзақұл (52 келіге дейін), Виктория Байдукова (54 келіге дейін), Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (66 келіге дейін) және Камила Бажбенова (81 келіге дейін) атанды.

Ерлер арасындағы жасөспірімдер турнирінде өзбекстандық Жамолиддин Козоковты мерзімінен бұрын жеңген Темірлан Мұқатаев (86 келіге дейін) және Егор Егоров (71 келіге дейін) алтын медаль иегері атанды. Алмат Әбдуәли (51 келіге дейін), Ислам Советов (67 келіге дейін) және Дәулет Төлемісов (75 келіге дейін) күміс жүлде иеленді.

Фото asbcnews.org

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;