«Тобыл» капитаны «Қызыл-Жарға» қарсы матчта алаңға шыға алмайды
![«Тобыл» капитаны «Қызыл-Жарға» қарсы матчта алаңға шыға алмайды](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/472_bc5c156e597eff463d4d85df664c1f4e.jpg?v=28704626)
Қостанайлық «Тобылдың» капитаны Серікжан Мужиков 17 наурызда өтетін Қазақстан чемпионатының 3-турындағы петропавлдық «Қызыл-Жарға» қарсы ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
32 жастағы жартылай қорғаушы ел біріншілігінің 1-турындағы оралдық «Ақжайыққа» қарсы ойынның 17-минутында алған жарақатына байланысты алаңға шықпайды.