Командалық

Баскетболдан «Тұран» ел кубогын жеңіп алды

Баскетболдан «Тұран» ел кубогын жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Ақмола облысында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстан Республикасының кубогі сарапқа салынды.

Түркістан облысының намысын қорғаған «Тұран» спорт ойын түрлері клубының баскетбол командасы өз тарихында тұңғыш рет ел кубогінің иегері атанды.

Құрылғанына көп уақыт өте қоймаған команда үшін бұл – тамаша жетістік. Команданың бас бапкері Ғалия Мамахан жоғары нәтижеге жетуге жағдай жасаған облыс басшылығына, клуб басшысы Сабыржан Бұлдырықовқа, түркістандық жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Тұран» командасының баскетболшы арулары ҚР Ұлттық лигасында өнер көрсетуде. Жалпы, баскетболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лигада елімізден 8 команда қатысып, чемпиондық атаққа таласуда. Бүгінгі таңда 4-тур ойындары аяқталып, түркістандық баскетболшы қыздар 1-орында келе жатыр.

Түпнұсқасы: okg.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер