русский язык
Бокс

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: Финалдық жекпе-жетердің тікелей трансляциясы

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты: Финалдық жекпе-жетердің тікелей трансляциясы

13 және 14 наурызда Иордания астанасы Амманда жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының финалдық кездесулері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

13 наурызда жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы құрлық біріншілігінің жүлдегерлері анықталады. Финалдық жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.

Келесі күні жастар арасындағы Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтеді. Олар да Қазақстан астанасы уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.

Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құрлық біріншілігінің «алтыны» үшін 27 қазақстандық спортшы өнер көрсетеді.

Ерлер

51 кг. Алмат Абдуали (Қазақстан) — Хужаназар Нортожиев (Өзбекстан)

67 кг. Ислам Советов (Қазақстан) — Фазлиддин Еркинбоев (Өзбекстан)

71 кг. Егор Егоров (Қазақстан) — Алишер Аюбов (Өзбекстан)

75 кг. Дәулет Төлемісов (Қазақстан) — Рахматулло Бойматов (Өзбекстан)

80 кг. Сұлтанбек Айбарұлы (Қазақстан) — Абдулазиз Абдурахмонов (Өзбекстан)

86 кг. Темірлан Мұқатаев (Қазақстан) — Жамолиддин Козоков (Өзбекстан)

92 кг. Ердос Шаріпбек (Қазақстан) — Айназар Кенесбаев (Өзбекстан)

Қыздар

52 кг. Томирис Мырзақұл (Қазақстан) — Мунаввар Фозилова (Өзбекстан)

54 кг. Виктория Байдукова (Қазақстан) — Рано Муратбаева (Өзбекстан)

57 кг. Ұлжан Сәрсенбек (Қазақстан) — Нантичачонг Пронгкланг (Таиланд)

66 кг. Бақыт Сейдіш (Қазақстан) — Приянка (Үндістан)

70 кг. Гаухар Шайбекова (Қазақстан) — Азиза Зокирова (Өзбекстан)

75 кг. Аида Сарибарова (Қазақстан) — Мускан (Үндістан)

81 кг. Камила Бажбенова (Қазақстан) — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан).

Фото asbcnews.org

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;