Қысқы

Қазақстандық спортшы коньки тебуден Әлем кубогында сегізінші болды

Қазақстандық спортшы коньки тебуден Әлем кубогында сегізінші болды
news-banner7
mobile-news-top

Нидерланд елінде коньки тебуден Әлем кубогының финалы өтіп жатыр. Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті 1 500 метр қашықтыққа коньки тебу жарысының нәтижелерін мәлім етті.

Қазақстан атынан спорттың бұл түрінен екі конькиші өнер көрсетті. Надежда Морозова сегізінші орынға жайғасып, үздік ондыққа ілінді. Екатерина Айдова жарысты 12-ші болып аяқтады.

Жапондық Михо Такаги жеңіске жетті. Одан кейін екінші болып мәреге нидерланд спортшысы Антуанетта де Йонг келді. Норвегиялық конькиші Виклунд үшінші болды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер