Қысқы

Паралимпиада-2022: Қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты

Паралимпиада-2022: Қазақстандық спортшылар қанша табыс тапты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшылардың Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткені үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Қазақстандықтар үшін келесі төлемдер белгіленген: алтын медаль үшін – 250 мың доллар, «күміс» үшін – 150 мың доллар, «қола» үшін – 75 мың доллар, төртінші орын – 30 мың доллар, бесінші орын – 10 мың доллар, алтыншы болғаны үшін – 5 мың доллар.

Биатлоншы Александр Герлиц үздік көрсеткішке қол жеткізіп, қола медаль иеленді. Сонымен қатар жеке жарыстарда ол үш рет бесінші (екі рет – шаңғы жарысында, бір рет – биатлонда) болды.

Бұдан бөлек, Қазақстан командалық шаңғы эстафетасында (Александр Герлиц, Ербол Хамитов) бесінші орын алды.

Осылайша, жалпы алғанда қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиадада 125 мың доллар табыс тапты.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер