русский язык
Бокс

Азиз Қожамбетов ASBС директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

Азиз Қожамбетов ASBС директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды

Еліміздің боксшылары Амман (Йордания) қаласындағы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жүлдесіне таласып жатқан уақытта, отандық бокс мамандары да шет қалмауда.

Азия бокс конфередерациясының (ASBС) кезектен тыс конгресінде ҚБФ Президентінің кеңесшісі Азиз Қожамбетов ASBС директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Сонымен қатар Азия боксының жаңа президентінің есімі белгілі болды. Ол Таиланд елінің өкілі Пичай Чунхаваджира.

Азиз Есентайұлы осы уақытқа дейін еліміздегі бокстың дамуына өз үлесін қосып келе жатыр. Бес тілде емін-еркін сөйлей алатын спорт маманы өз уақытында Азия бокс конфедерациясының атқарушы директоры қызметін атқарған. Өз ісінің маманы алдына қойылған мақсатты қалай жүзеге асыру керектігін біледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер
;