русский язык

«Астана» турнир кестесінде соңғы орынға түсті. Командаға техникалық жеңіліс тіркелді

«Астана» турнир кестесінде соңғы орынға түсті. Командаға техникалық жеңіліс тіркелді

«Астана» футбол клубына Қазақстан чемпионатының алғашқы турындағы «Шахтерге» қарсы матчта техникалық жеңіліс тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан футбол федерациясы Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен Қазақстан чемпионатының 1-турындағы «Астана» - «Шахтер» матчына Қазақстан футболының тәрбиеленушілері болып саналмайтын жеті футболшы заңсыз қатысқанын хабарлайды. Бұл матчтың нәтижесі жойылды.

«Астанаға» 0:3 есебімен техникалық жеңіліс тіркелді», — делінген лиганың ресми хабарламасында.

Айта кетейік, «Шахтерге» қарсы матчтың екінші таймында «Астана» сапында Абат Айымбетовтің орнына Мохаммед Камара шыққан. Осылайша, алаңда елордалықтар сапында жеті бірдей легионер ойнаған. Ал ереже бойынша алаңға алты легионерден артық шығаруға болмайды.

Қазақстан чемпионатының 2-турында «Астана» «Ақсудан» 0:1 есебімен жеңілген еді. Осылайша, елордалық команда турнир кестесінің соңғы орнында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;