русский язык

«Ақжайық» - «Тұран» ойыны кейінге шегерілді

«Ақжайық» - «Тұран» ойыны кейінге шегерілді

Ауа райының қолайсыздығына және ойыншылардың жарақат алу қауіпіне байланысты OLIMPBET-Қазақстан Чемпионаты 2-турының «Ақжайық» - «Тұран» ойынын басқа мерзімге ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Ойынның төрешілер бригадасы «Ақжайық» стадионынының алаңын тексерді. Төсеніштің беті мұзбен жабылған, үздіксіз жауған қар алаңды тазарту жұмыстарын қиындатуда.

Алаңның қазіргі кездесігі жағдайына байланысты ойынға қатысатын клубтардың келісімімен, сондай-ақ төрешілер бригадасы мен ҚКФЛ шешімімен кездесу кейінге ауыстырылды.

Түпнұсқасы: pflk.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;