Хоккей

«Арлан» Александр Куршукпен келісімшарт жасасты

«Арлан» Александр Куршукпен келісімшарт жасасты
news-banner7
mobile-news-top

«Арлан» қорғаушы Александр Куршукпен келісімшарт жасасқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куршук Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Кәсіпқой деңгейде «Торпедо», «Южный Урал», «Ертіс», «Сарыарқа», «Горняк» сынды командаларда өнер көрсеткен.

«Сарыарқа» сапында 2020/21 маусымында Қазақстан чемпионы атанған.

Осы маусымды (2021/2022) ол «Горняк» сапында бастады, онда ол 47 матч өткізген болатын.

«Арлан» хоккей клубында Александр 5-нөмірімен өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер