Попко АҚШ-тағы жарыстың негізгі кезеңіне шыға алмады
![Попко АҚШ-тағы жарыстың негізгі кезеңіне шыға алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/203991_2ccb03801bffad20d7271b7ee624a792.jpg?v=28674446)
Дмитрий Попко Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан ATP 1000 санатындағы турнирдің финалдық кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңінің жартылай финалында қазақстандық теннисші колумбиялық Даниэль Галан Риверостан екі сетте ұтылды - 4:6, 5:7.
2 сағат 12 минутқа созылған матчта Попко 8 эйс жасады.