Командалық

«Челсиді» кім сатып алуы мүмкін екеніні белгілі болды

«Челсиді» кім сатып алуы мүмкін екеніні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Sportico хабарлауынша, «Сакраменто» баскетбол клубының қожайыны Вивек Ранадиве «Челсиді» сатып алу туралы ұсыныс дайындап жатыр. 64 жастағы шыққан тегі үндіс америкалық кәсіпкер, инженер, жазушы, спикер және филантроп ресми ұсыныс жасамас бұрын кейбір мәліметтерді шешуі керек.

Ранадивенің байлығы 700 миллион доллардан асады. Ол 2013 жылы Сакраментоны 534 миллион долларға сатып алған инвесторлар тобын басқарды.

Еске салайық, лондондық «Челси» 2003 жылдан бері ресейлік кәсіпкер-олигарх Роман Абрамовичке тиесілі. Оның құны 3 миллиард доллардан асады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер