русский язык
Футзал

«Бәйтерек» жанкүйерлері «Нұр-Сұлтанға» қарсы матчтың үздік ойыншысын анықтады

«Бәйтерек» жанкүйерлері «Нұр-Сұлтанға» қарсы матчтың үздік ойыншысын анықтады
news-banner7
mobile-news-top

«Бәйтерек» футзал клубының жанкүйерлері ел чемпионатының 19 және 20-туры аясында өткен «Нұр-Сұлтанға» қарсы кездесулердің үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дауыс беруге қатысқан жанкүйерлер екі ойында да гол соққан Нұрхан Байзақовты үздік деп таныды.

Айта кетейік, бірінші матч 1:1 есебімен тең аяқталса, екінші ойында «Бәйтерек» жеңіске жетті – 5:3.

20 турдан кейін «Бәйтерек» 23 ұпаймен турнирлік кестеде 6-орында тұр, ал «Нұр-Сұлтан» 16 ұпаймен 7-сатыға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;