Әлем футболы

Криштиану Роналду жазда «ПСЖ» сапына ауысуы мүмкін

Криштиану Роналду жазда «ПСЖ» сапына ауысуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Юнайтед» осы маусымда Чемпиондар лигасына шыға алмаса, команда шабуылшысы Криштиану Роналду клубтан кетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Роналду жазда франциялық «ПСЖ» сапына ауысуы мүмкін, қазір онда Лионель Месси, Неймар және Килиан Мбаппе секілді футбол жұлдыздары ойнайды.

37 жастағы футболшыға жақын дереккөздер Роналду «Ювентуске» не карьерасын бастаған «Спортингке» оралмайтынын атап өтті.

«Манчестер Юнайтед» АПЛ-дің 28 турынан кейін бесінші орында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер