русский язык

«Жігіттер мінез көрсетті». «Тараз» капитаны «Тұранға» қарсы ойынға баға берді

«Жігіттер мінез көрсетті». «Тараз» капитаны «Тұранға» қарсы ойынға баға берді

«Тараз» капитаны Мақсат Әмірханов «Тұранмен» (0:0) өткен ойынға қатысты пікірін білдіріп, жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

«Жанкүйерлерді жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын! Ойынға келсек, әрине оңай болған жоқ. Физикалық тұрғыда маусымның басында командалар 100% дайын бола бермейді. Дегенмен жігіттер барын салып, мінез көрсетті. Ойын жақсы деңгейде өтті деп ойлаймын. Гол салатын қауіпті сәттер де болды. Матч соңына қарай қарсылас ойыншысы "қызыл қағаз" алғанда басымдықты күшейтуге тырысқанымызбен, жоспар іске аспай жатты. Сырт алаңда ұпай еншілеу де жаман емес нәтиже деп ойлаймын. Команданы қолдап келген жанкүйерлерге алғысымызды айтамыз».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;