Қазақстандық жас футболшы еуропалық чемпионаттың топ-клубына ауысты

Қазақстандық жас футболшы еуропалық чемпионаттың топ-клубына ауысты
news-banner7
mobile-news-top

22 жастағы қазақстандық қорғаушы Димаш Қашкен карьерасын Вильнюстің «Жальгирис» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі литвалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футболшы Вильнюске жетті, алдағы уақытта командамен жаттығуға кіріседі. Өткен маусымда ол «Ақтөбеде» ойнаған. Одан бөлек қызылордалық «Қайсарда», «Астан» мен талдықорғандық «Жетісудың» жастар құрамында доп тепкен.

Қашкен карьерасының басында Испанияға барып, мадридтік «Атлетиконың» жастар құрамында, «Касабланкада» ойнаған.

Айта кетейік, «Жальгиристің» бас бапкері қызметін қазақстандық маман Владимир Чебурин атқарады.

Фото Elvis Žaldaris, fkzalgiris.lt

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер