«Қайрат» камерундық қорғаушымен келісімшарт жасасты
![«Қайрат» камерундық қорғаушымен келісімшарт жасасты](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/472_84ae4b761bb34cbb7a23bd5e1ea78e50.jpg?v=28704614)
«Қайрат» 26 жастағы камерундық қорғаушы Давид Эквемен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Футболшы оң қапталдағы қорғаныста ойнайды.
Еске салайық, Экве «Қайраттың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысқан болатын, бүгінге дейін командамен бірге жаттығу жасап жүрген.
Бұған дейін Давид Экве тек камерундық «Офта» клубында ойнаған.