Анкудинов «Шериф» сапындағы алғашқы матчын өткізді
![Анкудинов «Шериф» сапындағы алғашқы матчын өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202203/201736_f0a7b37f5200f0f4eb71473741ef7632.jpg?v=28704136)
«Шерифтің» қазақстандық шабуылшысы Данил Анкудинов Молдова чемпионатындағы бірінші матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
7-турдың кейінге қалған матчында команда өз алаңында «Сфинтул Георгемен» кездесті. Анкудинов екінші таймда (87-минутта) қосалқы құрамд алаңға шықты. «Шериф» 2:0 есебімен ұтты. Голдарды Густаво Дуланто (38-минут) пен Адама Траоре (76-минут) соқты.
Осы жеңістен соң «Шериф» маусымдағы 50-ші ұпайын еншіледі.