Ресей кубогы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүгін, 4 наурызда футболдан Ресей кубогы ширек финалының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
1/4 финалға ФНЛ-дан 3 команда, РПЛ-дан 5 команда жолдама алды.
Жеребе нәтижесі:
ЦСКА (Мәскеу) — «Спартак» (Мәскеу);
«Алания» (Владикавказ) — «Зенит» (Санкт-Петербург);
«Енисей» (Красноярск) — «Рубин» (Қазан);
«Балтика» (Калининград) — «Динамо» (Мәскеу).
Айта кетейік, РПЛ-да Қазақстан құрамасының үш ойыншысы доп өнер көрсетіп жүр. Олар: Бактиер Зайнутдинов (ЦСКА), Марат Быстров (Ахмат) және Нұралы Әліп («Зенит»)